Сұрақ №1 Төрт рет тасымалданатын сөзді көрсетіңіз.
Жауаптар:
- A) Аударыспақ.
- B) Шапағатты.
- C) Көкжиек.
- D) Оңтайландыру.
- E) Көңілдірек.
Сұрақ №2 Термин сөздер қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.
Жауаптар:
- A) Мен оның жақсы жырларын көрсем шын қуандым
- B) Көп сырластық, қолөнершілік жайлы әңгімелестік
- C) Эвфемизм әдепті, сыпайы сөйлеу мақсатынан туған.
- D) Терімшілер таң сәріден мақта теруге шықты.
- E) Бақша ішінде әңгелек, жәмше пісіп қалыпты.
Сұрақ №3 Есімшенің жасалу жолын анықтаңыз.
Жауаптар:
- A) Екі түрлі.
- B) Үш түрлі.
- C) Алты түрлі.
- D) Төрт түрлі.
- E) Бес түрлі.
Сұрақ №4 Синоним сөзді көрсетіңіз.
Жауаптар:
- A) Шын, өтірік.
- B) Жаңбыр, дауыл.
- C) Қарулы, нашар.
- D) Оқулық, оқушы.
- E) Құнды, бағалы.
Сұрақ №5 Тек орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылатын әріпті табыңыз.
Жауаптар:
- A) м
- B) с
- C) а
- D) т
- E) в
Сұрақ №6 Дыбыстық өзгеріске ұшырап біріккен сөзді көрсетіңіз.
Жауаптар:
- A) Алатау.
- B) Жаңатас.
- C) Бүгін.
- D) Сезімтал.
- E) Ұғымтал.
Сұрақ №7 Үтірдің қойылу себебі, дұрысын белгілеңіз.Балалары, біз, тірі тұрғанда апам кедейшілікті ойлайтын кісі емес еді.
Жауаптар:
- A) Қаратпа.
- B) Бірыңғай мүше.
- C) Айқындауыш.
- D) Оқшау сөз.
- E) Қыстырма.
Сұрақ №8 Қаратпа сөзді көрсетіңіз.
Жауаптар:
- A) Мүмкін сәл кідіре тұрарсыз.
- B) Немене риза емеспісің?
- C) Амал қанша осылай болды.
- D) Сөйтіп ол Домалақ ана атанды.
- E) Алма, кітаптарыңды әкел.
Сұрақ №9 Ілгерінді ықпалды сөзді табыңыз.
Жауаптар:
- A) Беру.
- B) Жабу.
- C) Секіру.
- D) Ашса.
- E) Ашу.
Сұрақ №10 Кімім? Нем? – сұрағына жауап беретін сөйлем мүшесін табыңыз.
Жауаптар:
- A) Анықтауыш.
- B) Бастауыш.
- C) Баяндауыш.
- D) Пысықтауыш.
- E) Толықтауыш.
Сұрақ №11 Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаны көрсетіңіз.
Жауаптар:
- A) -дар, -дер.
- B) -нікі, -тай.
- C) -ға, -ге.
- D) -тан, -тен.
- E) -лар, -лер.
Сұрақ №12 Стиль түрін анықтаңыз.Барлық сілтілердің төмендегідей ортақ химиялық қасиеттері болады.
Жауаптар:
- A) Көркем әдебиет.
- B) Ауызекі сөйлеу.
- C) Іс-қағаздар.
- D) Ғылыми.
- E) Публицистикалық
Сұрақ №13 Кісі аттарындағы кейінді ықпалды табыңыз.
Жауаптар:
- A) Болатқожа, Алшағыр.
- B) Таңшолпан, Дәмежан.
- C) Ханшайым, Зәмзагүл.
- D) Сәрсенбек, Ауданбай.
- E) Айдархан, Әубәкір.
Сұрақ №14 Тұтастай ілгерінді ықпалға бағынған мақал-мәтелді табыңыз.
Жауаптар:
- A) Арықтың жілігі татымас.
- B) Тату үйдің тамағы тәтті.
- C) Қымызы бар үйдің қызығы бар.
- D) Жұмысы бағу еді.
- E) Піл көтермегенді тіл көтереді.
Сұрақ №15 Жай шырайды табыңыз.
Жауаптар:
- A) Армансыз адам қанатсыз құспен тең.
- B) Жанат кең үйге кірді.
- C) Орасан зор жетістік.
- D) Мына үй биігірек екен.
- E) Арман өте қызықты кітап оқыпты.
Сұрақ №16 Сызықшаның қойылу себебін белгілеңіз.Жастар - біздің болашағымыз.
Жауаптар:
- A) Бастауыш та, баяндауыш та - сан есім.
- B) Бастауыш - есім, баяндауыш - есімдік.
- C) Бастауыш, баяндауыш - сын есім.
- D) Бастауыш та, баяндауыш та - зат есім.
- E) Бастауыш -есімдік, баяндауыш - сын есім.
Сұрақ №17 Қосымшалы қос сөзді көрсетіңіз.
Жауаптар:
- A) Алыс-жақын.
- B) Үп-үлкен.
- C) Қып-қызыл.
- D) Балалы-шағалы.
- E) Төбе-төбе.
Сұрақ №18 Шығыс септігінде тұрған сілтеу есімдігін табыңыз.
Жауаптар:
- A) Бұны.
- B) Бұлар.
- C) Бұнысы.
- D) Бұнымен.
- E) Бұдан.
Сұрақ №19 Кейінді ықпал әсерінен өзгеріске ұшырайтын сөзді табыңыз.
Жауаптар:
- A) Келу.
- B) Бал
- C) Ара.
- D) Қар.
- E) Теп.
Сұрақ №20 Біріккен сөздегі кейінді ықпалды белгілеңіз.
Жауаптар:
- A) Бірқазан.
- B) Сазсырнай.
- C) Шалкөде.
- D) Жетіген.
- E) Дауылпаз.