Сұрақ №1 Сатып алушылардың уақыттың сол мезетінде сол бағаға белгілі бір көлемде тауар сатып алу қабілеті:
Жауаптар:
- A) ұсыныс
- B) таңдау
- C) өндіріс
- D) сұраныс
Сұрақ №2 Белгілі бір әлеуметтік топтың, таптың ұлттың мүддесін қорғау үшін біріккен қоғамның белсенді және ұйымдасқан бөлігі:
Жауаптар:
- A) партия
- B) коалиция
- C) бірлестік
- D) фракция
Сұрақ №3 Қ.Р Конституциясы бойынша белгілі бір дінге артықшылық беріледі ме?
Жауаптар:
- A) беріледі
- B) референдум арқылы шешіледі
- C) берілмейді
- D) президент шешеді
Сұрақ №4 Б.з.д. 106-43 жылдар аралығында өмір сүрген Римдік шешен, ойшыл, мемлекет қайраткері:
Жауаптар:
- A) Тиберий
- B) Нерон
- C) Цицерон
- D) Аристотель
Сұрақ №5 Мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелері бойынша бүкілхалықтық дауыс беру құқығы:
Жауаптар:
- A) референдум
- B) вето
- C) сайлау
- D) демократиялық таңдау
Сұрақ №6 Мемлекет пен мемлекетті басқару мәселелері қамтылған қоғам өмірінің аясы:
Жауаптар:
- A) экономикалық
- B) мәдени
- C) рухани
- D) саяси
- E) ғылыми
Сұрақ №7 Қ.Р Конституциясының V бөлімі қалай аталады?
Жауаптар:
- A) Президент
- B) Парламент
- C) Сот және соттар төрелігі
- D) Үкімет
Сұрақ №8 Бір әйел мен бір ердің некелік одағы:
Жауаптар:
- A) полигамды
- B) моногамды
- C) аралас
- D) экспериментті
Сұрақ №9 Мәдениетті қандай екі салаға бөліп қарау қалыптасқан?
Жауаптар:
- A) рухани, діни
- B) материалдық, адамгершілік
- C) материалдық, рухани
- D) адамгершілік, діни
Сұрақ №10 Тіркелмей-ақ ерлі зайыптыларша бірге тұратындар отбасыларды қалайша атаймыз?
Жауаптар:
- A) кеңейтілген отбасы
- B) толық отбасы
- C) экспериментті отбасы
- D) толық емес отбасы
Сұрақ №11 Альтруизм дегеніміз:
Жауаптар:
- A) жеке басының қамын ойлау
- B) басқаларға қамқорлық етуге бағытталған адамгершілікті санат
- C) зұлымдық
- D) ізгілік
Сұрақ №12 Аңшылық және терімшілік дәуіріндегі қоғамның дүниетанымы :
Жауаптар:
- A) мифология
- B) сенім
- C) дін
- D) философия
- E) социология
Сұрақ №13 Дүниетаным құрылымын анықтайтын компоненттердің бірі:
Жауаптар:
- A) адамгершілік
- B) білім
- C) әділдік
- D) абырой
- E) игілік
Сұрақ №14 16 жасқа дейінгі жұмысшылар мен оқушылар үшін апталық еңбек уақытының ұзақтығы:
Жауаптар:
- A) 24 сағат
- B) 36 сағат
- C) 40 сағат
- D) 20 сағат
Сұрақ №15 Адамзат тарихындағы дүниетанымның алғашқы формасы:
Жауаптар:
- A) ғылым
- B) мифология
- C) дін
- D) философия
- E) өнер
Сұрақ №16 Латынның stratum сөзінің мағынасы:
Жауаптар:
- A) әлеуметтік топ
- B) құрылым
- C) реттілік
- D) қабат
Сұрақ №17 Адамның бірегей және әмбебап қасиеттерінің бірлігі, тұтас жүйе:
Жауаптар:
- A) мінез
- B) даралық
- C) психология
- D) абсолют
Сұрақ №18 Француздың institut сөзінің мағынасы:
Жауаптар:
- A) оқу орны
- B) мектеп
- C) мекеме, құрыллғы
- D) заң
Сұрақ №19 Демократияны қолдайтын, оған мүдделі күш:
Жауаптар:
- A) халық
- B) парламент
- C) үкімет
- D) сот
Сұрақ №20 Психология ғылымында адамды қызметтің белгілі бір түріне итермелейтін қозғаушы күшті қалай атайтынын көрсет:
Жауаптар:
- A) мақсат
- B) қызмет
- C) мотив
- D) сана