Сұрақ №1 Мақсат бағыныңқы сабақтастың жасалу жолын көрсетіңіз.
Жауаптар:
- A) -айын деп.
- B) -ып,-іп.
- C) -қан+дықтан.
- D) -қан+ша.
- E) -са,-се.
Сұрақ №2 Еліктеу сөздің сөйлемдегі қызметін белгілеңіз.Ыза мен ашу қысып, қалш-қалш етеді.
Жауаптар:
- A) Пысықтауыш.
- B) Анықтауыш.
- C) Баяндауыш.
- D) Толықтауыш.
- E) Бастауыш.
Сұрақ №3 Буынсыз тіл. Омоним сөзінің жасалу түрін белгілеңіз.
Жауаптар:
- A) Қос сөз түрінде.
- B) Фонетикалық тәсіл арқылы.
- C) Туынды күйінде.
- D) Түбір күйінде.
- E) Біріккен сөз түрінде.
Сұрақ №4 “Төбе шашы тік тұру” – тұрақты сөз тіркесінің мағынасын белгілеңіз.
Жауаптар:
- A) Әдемі, сұлу.
- B) Қатты қорқу, шошу.
- C) Ренжісу.
- D) Дұрыс айту, құртау.
- E) Қуану, шаттану.
Сұрақ №5 Төл сөздің тыныс белгісін анықтаңыз.Кеше кешке жолдасы Қарқаралыда әлі екі-үш күн боламыз деген болатын.
Жауаптар:
- A) Тырнақша, үтір, сызықша.
- B) Қос нүкте, сызықша, леп белгісі.
- C) Сызықша, қос нүкте, тырнақша.
- D) Қос нүкте, тырнақша.
- E) Қос нүкте, тырнақша, үтір, сызықша.
Сұрақ №6 Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздерді табыңыз.
Жауаптар:
- A) Қоза, шиіт.
- B) Сүгірет, маңлай.
- C) Хан, патша.
- D) Сәукеле, кебеже.
- E) Дүрия, патсайы.
Сұрақ №7 Көп құрамды төл сөзді табыңыз.
Жауаптар:
- A) Абай былай деген: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы.»
- B) – Көлтауысар, көлдің суын құрт! – деді Төстік.
- C) Мұхтар Абай ауылынан екенін айтты.
- D) – Қалада не хабар бар? – деп сұрады.
- E) – Мен барамын, – деді Айгүл. – Мен бұл киноны қанша көрсем де, барғым келеді, – деді нақтылай түсіп, – Маған хабарласыңдар.
Сұрақ №8 17_02_Казахский язык_каз (№17 файл)Матаса байланысып тұрған тіркесті табыңыз.
Жауаптар:
- A) Гүлнар үйретті.
- B) Ісімен жақсы.
- C) Менің қылығым.
- D) Жалт-жалт қарау.
- E) Сіз келдіңіз.
Сұрақ №9 Қаратпа сөзді табыңыз
Жауаптар:
- A) О не дегенің?
- B) Құр, жануар, құр-құр, Бір орныңда тұр-тұр.
- C) Қош болыңдар, амандықпен кездесейік.
- D) Өлтіре алмас, алайда, өлеңді ешкім.
- E) Жо-жоқ, дұрыс емес.
Сұрақ №10 Сөз бен сөздің барыс, табыс, жатыс, шығыс және көмектес септіктері арқылы байланысу тәсілін белгілеңіз.
Жауаптар:
- A) Матасу.
- B) Жанасу.
- C) Меңгеру.
- D) Қиысу.
- E) Қабысу.
Сұрақ №11 Еліктеу сөздің қызметін белгілеңіз. Екі көзі үлкейіп ашу шақыратындай жалт-жұлт етеді.
Жауаптар:
- A) Бастауыш.
- B) Анықтауыш.
- C) Толықтауыш.
- D) Пысықтауыш.
- E) Баяндауыш.
Сұрақ №12 Тұйық буынды сөзден басталатын қатарды анықтаңыз.
Жауаптар:
- A) Жұртпен жүрген жүдемес.
- B) Ұрыс болса, ырыс қашады.
- C) Құс қанатымен, ер атымен.
- D) Досыңның асын қсыңдай іш.
- E) Ас адамның арқауы.
Сұрақ №13 Шығыс септігіндегі сөзбен тіркескен салт етістікті анықтаңыз.
Жауаптар:
- A) Жылтырағанның бәрі алтын емес.
- B) Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.
- C) Көптің қолы көкке жетеді.
- D) Жығылған күреске тоймайды.
- E) Қорқақ көлеңкесінен де қорқады.
Сұрақ №14 Бірігу арқылы жасалған өсімдік аттарын көрсетіңіз.
Жауаптар:
- A) Кемпірқосақ, итмұрын.
- B) Мысыққұйрық, алабота.
- C) Көкжөтел, меңдуана.
- D) Жыланкөз, есекжем.
- E) Сушешек, бұзаубас.
Сұрақ №15 Омоним сөзді көрсетіңіз.
Жауаптар:
- A) Мектепті бітіруге бір жыл қалып еді.
- B) Өзің кездескеннен өзгерген жоқ.
- C) Мөңкенің үйі таң атқанша кісіден құр болмады.
- D) Андрей тірліктен әлі үміт үзген жоқ.
- E) Жүрегі анық бір жаманшылықты сезіп алқынып барады.
Сұрақ №16 Септік жалғауы жалғанған сөзді көрсетіңіз.
Жауаптар:
- A) Қағазды.
- B) Күз.
- C) Көріксіз.
- D) Қашты.
- E) Кітап.
Сұрақ №17 Түбір сөзді көрсетіңіз.
Жауаптар:
- A) Маңдай-ша, ана.
- B) Әке, әсемпаз.
- C) Бала, дос.
- D) Білім, ілім.
- E) Өнерпаз, білгіш.
Сұрақ №18 Қысқарған сөз қатысқан қатарды табыңыз.
Жауаптар:
- A) Ата анасымен сөйлесті
- B) Талдықорғанда тұрады
- C) Аққулы көл
- D) Күні бойы ойнады
- E) Педколледжге барды
Сұрақ №19 Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды белгілеңіз.
Жауаптар:
- A) П, Ф, Б, В
- B) К, Г, Ғ, Т.
- C) Т, С, З, Ж.
- D) Ш, Щ, Т, С.
- E) Х, Ц, Ж, Д.
Сұрақ №20 Септеулік шылау қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.
Жауаптар:
- A) Бұл сегізге жаңа толған мен үшін жаңалық еді.
- B) Қазақ еліне біз де барамыз.
- C) Әрине, жақындық пен достық та оңайлыққа түсе бермейді.
- D) Әйтсе де іштей қысылып келем.
- E) Кешегі мақаласы мені, мені ғана емес-ау, бүкіл достарымды қуантты.