Сұрақ №1 Барлық параллель сызықтар түйісетін нүкте
Жауаптар:
- A) түйісу нүктесі
- B) көкжиек сызығы
- C) перспектива заңдылығы
- D) қала пейзажы
Сұрақ №2 ) Шығармашылық жоба жұмысының кезеңдерін ата.
Жауаптар:
- A) Ұйымдастыру - дайындау, технологиялық, қорытынды.
- B) Ұйымдастыру - дайындау, мазмұндау, қорытынды.
- C) Мазмұндау, қорытындылау, негіздеу.
- D) Ұйымдастыру, қорытындылау, айқындау.
Сұрақ №3 Жұмсақ металды, сүйекті, ағашты өңдеуге арналған ірі, өткіртісті егеу:
Жауаптар:
- A) кронциркуль
- B) түрпі
- C) кескіш
- D) рейсмус
Сұрақ №4 Сәндік - қолданбалы өнер бұйымдарын тұрмыста қолдануға бола ма?
Жауаптар:
- A) Жартылай болады.
- B) Болады.
- C) Болмайды.
- D) Тек сәндік үшін болады.
Сұрақ №5 Ағаш өңдеу өнеркәсібі немен айналысады?
Жауаптар:
- A) Орман қорғаумен
- B) Ағаш материалын өңдеу
- C) Ағаш шабумен
- D) Ағаш импортымен
Сұрақ №6 Электротехникалық жұмыстар үшін не қолданылады?
Жауаптар:
- A) Электр ажыратқыш, электр қысқы, штепсельдік аша, құрылғылық бекітуші.
- B) Электр ажыратқыш, құрылғы, электрлік қысқы, сым.
- C) Штепсельдік, аша, түйіспі бұрамалар, электр ажыратқыш.
- D) Электр қысқы, штепсельдік аша, құрылғылық бекітуші, фарфор өзекше.
Сұрақ №7 ) Сәндік - қолданбалы өнер бұйымдарын тұрмыста қолдануға бола ма?
Жауаптар:
- A) Жартылай болады.
- B) Болады.
- C) Болмайды.
- D) Тек сәндік үшін болады.
Сұрақ №8 Ара полотносын кесу барысында қысып қалмас үшін не істеу керек?
Жауаптар:
- A) ара тістері тазаланады
- B) ара тістері жұлынады
- C) ара тістері ауыстырылады
- D) ара тістері ажыратылады
Сұрақ №9 Ақ пен қара түстердің үйлесімділігіне негізделген сурет
Жауаптар:
- A) графика
- B) кескіндеме
- C) мүсіндеу
- D) сәулет өнері
Сұрақ №10 Сүректің механикалық қасиеттеріне жатады:
Жауаптар:
- A) текстурасы, түсі
- B) беріктігі, қаттылығы
- C) исі, серпімділігі
- D) ылғалдылығы, қаттылығы
Сұрақ №11 Ағашты қандай құралмен көркемдеп ояды?
Жауаптар:
- A) қашау, пышақ
- B) сүргі, пышақ
- C) қашау, сүргі
- D) балға, қашау
Сұрақ №12 Берік ағаштар тобына жататын ағаштар:
Жауаптар:
- A) қарағай, жөке
- B) үйеңкі, шырша
- C) шамшат, емен
- D) шетен, сырталы
Сұрақ №13 Қандай өсімдіктер инсектидті деп аталады?
Жауаптар:
- A) түрлі шөптерден дайындалған үрейлендіруші, зәрлі тұнбалар, қайнатпалар.
- B) түрлі дәрілерден жасалған тұнбалар, қайнатпалар.
- C) химиялық улы заттардан жасалған тұнбалар.
- D) жемістік дақылдардың тұнбаларры, қайнатпалары.
Сұрақ №14 Топыраққа қандай тыңайтқыштар қосады?
Жауаптар:
- A) қарашірік.
- B) калий тұзы.
- C) көң.
- D) барлығы дұрыс.
Сұрақ №15 Сызықтық перспективаның негізгі ережесі
Жауаптар:
- A) көлеңкелерді салу
- B) бөлшектерін салу
- C) түстік шешімдерді белгілеу
- D) пейзаждағы барлық параллель сызықтар бір нүктеде тоғысады
Сұрақ №16 Техникалық сурет деген не?
Жауаптар:
- A) бұйымның бейнесін төрт жағынан көрсетуі.
- B) бұйымның бейнесін екі жағынан көрсету.
- C) бұйымның түрін көрсетеді.
- D) бұйымның бейнесін үш жағынан көрсетеді.
Сұрақ №17 Бейнелеу өнерінің жанрлары:
Жауаптар:
- A) пейзаж, портрет
- B) монументтік
- C) қондырғылы, тұрмыстық
- D) қолданбалы, тұрмыстық
Сұрақ №18 Жапырақты ағаштар тобына жататын ағаштар:
Жауаптар:
- A) самырсын, шырша
- B) қайың, қарағай
- C) қарағаш, терек
- D) қызылқарағай, емен
Сұрақ №19 Металды суару оның қандай қасиетін арттырады?
Жауаптар:
- A) көміртекті
- B) көміртекті және конструкциялық
- C) көміртекті және қоспаланған
- D) қызуға төзімді және конструкциялық
Сұрақ №20 ) Қара металдың негізгі компоненті не?
Жауаптар:
- A) көмірсу
- B) ванадий
- C) магний
- D) көміртек