Сұрақ №1 Жеке тұлғалар қоғамық бірлестіктер және өзге де заңды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кезінде қандай шаралар қолданады?
Жауаптар:
- A) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардан ревизиялар, салықтық және басқа да тексерулер, аудит және бағалау жүргізуді талап етеді
- B) Сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы және құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің нысандары мен әдістерін жүргізеді
- C) Ұстап алынған және күзетіп ұсталатын адамдарды айдауылмен алып жүреді
- D) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдық басқа да субъектілерімен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимылды жүзеге асырады
Сұрақ №2 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды, тергеп-тексерудіжәне алдын алуды және оларды жасаған адамдарды өз құзыретінің шегінде жаупқа тартуды кім жүзеге асырады?
Жауаптар:
- A) Ұлттық қауіпсіздік органдары
- B) Прокуратура органдары
- C) Прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, мемлекеттік кіріс, әскери полиция органдары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі
- D) Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар
Сұрақ №3 Мемлекеттік лауазымдағы тұлғаның ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарына кірістер мен мүлкі туралы декларация ұсыатын жақын туысы:
Жауаптар:
- A) Кәмелетке толған балалары
- B) Жұбайлары (зайыптары)
- C) Балалары
- D) Ата-анасы
Сұрақ №4 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері:
Жауаптар:
- A) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган, мемлкеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілер, қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалар
- B) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган, мемлкеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілер, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалар
- C) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган, мемлкеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілер
- D) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, сондай- ақ жеке және заңды тұлғалар
Сұрақ №5 "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң Қазақстан Республикасының аумағында .... (2-б, 1-т)
Жауаптар:
- A) жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады
- B) тек жеке тұлғаларға қатысты қолданылады
- C) тек заңды тұлғаларға қолданылады
- D) басқа елдерде тіркелген жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады
Сұрақ №6 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның құзыретіне жатпайды:
Жауаптар:
- A) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласында білім беру бағдарламаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау
- B) сыбайлас жемқорлыққа қарсы монитрингті жүргізу тәртібін анықтау
- C) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытталған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиелеу, ақпараттық және түсіндіру қызметі, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне жәрдемдесі және әдістемелік көмек көрсету
- D) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың оң тәжірибесін зерделеу және тарату
Сұрақ №7 Бұл үшін заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауап белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қайшы, кінәлі түрдегі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік):
Жауаптар:
- A) Сыбайлас жемқорлық
- B) Сыбайлас жемқорлық бұзушылық
- C) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
- D) Сыбайлас жемқорлық іс
Сұрақ №8 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктеріне жатпайды:
Жауаптар:
- A) ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңманасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, оларды жою бойынша заңнамалық тәртіппен белгіленген шараларды қабылдау
- B) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу тәртібін анықтау
- C) ҚР-ның Президентіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы баяндаманы жыл сайын ұсыну
- D) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды ададмдардың ҚР-ның Заңнамасында белгіленген тәртіппен ақпарат пен материалды сұрату
Сұрақ №9 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адам туралы ақпарат:
Жауаптар:
- A) Қызметтік жасырын ақпарат болып табылады
- B) Әскери жасырын ақпарат болып табылады
- C) Мемлекеттік құпия болып табылады
- D) Мемлекеттік жасырын ақпарат болып табылады
Сұрақ №10 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрнеу жалған ақпаратты хабарлаған адамдарға қорғау қолданылады ма?
Жауаптар:
- A) арнайы қызмет қызметкерлеріне қолданылады
- B) тек мемлекеттік қызметкерлерге қолданылады
- C) құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қолданылады
- D) қолданылмайды
Сұрақ №11 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасы Президентіне енгізу және жариялау тәртібін кім бекітеді?
Жауаптар:
- A) Қазақстан Республикасының Үкіметі
- B) Қазақстан Республикасының Парламенті
- C) Қазақстан Республикасының Президенті
- D) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сұрақ №12 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі:
Жауаптар:
- A) сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру
- B) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
- C) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие
- D) сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыру
Сұрақ №13 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар нәтижесінде жасалған әрекеттердің және қабылданған актілердің қолданылуын тоқтату қалай жүзеге асырылады?
Жауаптар:
- A) прокурормен жүзеге асырылады
- B) тиісті актілердің күшін жоюға уәкілеттілік берілген адамдардың не мүдделі тұлғалардың немесе прокурордың талап қоюы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады
- C) орган немесе лауазымды адамның қалауы бойынша жүзеге асырылады
- D) сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізетін органдардың ұсынысы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады
Сұрақ №14 Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын, адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайларда осы аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғу мүмкін:
Жауаптар:
- A) Қақтығыстық жағдай
- B) Пікірталастық жағдай
- C) Мүдделер қақтығысы
- D) Қақтығыс
Сұрақ №15 Қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін белгіленген, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесі:
Жауаптар:
- A) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар
- B) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттар
- C) сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалар
- D) сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйе
Сұрақ №16 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адам:
Жауаптар:
- A) Мемлекеттің қорғауында болады және көтермеленеді
- B) Уәкілетті органның қорғауында болады және көтермеленеді
- C) Қорғауда болады және көтермеленеді
- D) Қамауға алынады
Сұрақ №17 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрнеу жалған ақпаратты хабарлаған адамдарға қорғау қолданылады ма?
Жауаптар:
- A) Қолданылмайды
- B) Тек мемлекеттік қызметкерлерге қолданылады
- C) Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қолданылады
- D) Арнайы қызмет қызметкерлеріне қолданылады
Сұрақ №18 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар және осы заңға сәйкес өзге де шаралар:
Жауаптар:
- A) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
- B) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
- C) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер
- D) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сұрақ №19 Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және оған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзі немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, осы сияқты игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу:
Жауаптар:
- A) Пара алу
- B) Сыбайлас жемқорлық
- C) Парақорлық
- D) Антикоррупция
Сұрақ №20 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының қолдану аясы:
Жауаптар:
- A) ҚР аумағында жеке тұлғаларға қатысты
- B) ТМД мемлекеттері аумағындағы лауазымды адамдарға құқыққа қайшы мүліктік игіліктер мен артықшылықтар ұсынатын барлық заңды әрі жеке тұлғаларға
- C) ҚР аумағында жеке және заңды тұлғаларға қатысты
- D) ҚР аумағында заңды тұлғаларға қатысты