Вопрос №1 Бұйрық райлы етістікті табыңыз.
Ответы:
- A) Айтқаным
- B) Есіме алғым келді
- C) Келіссе игі еді
- D) Бара салайық
- E) Тентіретті
Вопрос №2 Тек орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылатын әріпті табыңыз.
Ответы:
- A) м
- B) с
- C) а
- D) т
- E) в
Вопрос №3 Үстеу дегеніміз не?
Ответы:
- A) Іс-әрекет, қимылды білдіреді
- B) Қимылға, іс-әрекетке еліктеуді білдіреді
- C) Заттың сапасын, көлемін білдіреді
- D) Қимылдың мезгілін, белгісін, себебін мақсатын білдіреді
- E) Сөз бен сөзді байланыстырады
Вопрос №4 Омоним болатын сөз қайсысы, табыңыз.
Ответы:
- A) Неге?
- B) Бес-бестен.
- C) Тәрбие.
- D) Мін.
- E) Құдірет.
Вопрос №5 Жай сөйлемнің түрін белгілеңіз.Күні-түні жұмыс істеуге тура келді.
Ответы:
- A) Жақсыз жайылма сөйлем.
- B) Жалаң.
- C) Атаулы жалаң.
- D) Атаулы жайылма.
- E) Атаулы.
Вопрос №6 Тыныс белгісі дұрыс қойылған орынды көрсетіңіз.
Ответы:
- A) “Сөйлемді сауатты құрастырған жөн,” - деді мұғалім.
- B) Сөйлемді сауатты: құрастырған жөн, - деді мұғалім!
- C) Сөйлемді сауатты; құрастырған жөн деді мұғалім.
- D) “Сөйлемді сауатты, құрастырған жөн,” - деді мұғалім.
- E) “Сөйлемді сауатты құрастырған жөн” - деді мұғалім.
Вопрос №7 Омонимдес сөздер қатысқан қатарды көрсетіңіз.
Ответы:
- A) Сырлы аяқтың сыны кетпейді. Достың сырын ашуға болмайды.
- B) Жазушы кітап жазады. Абай-жазба әдебиет өкілі.
- C) Қыста балалар сырғанақ тебеді.
- D) Марат ауырып қалды. Әселдің анасы әлі ауырып жүр.
- E) Желсіз түнде жарық ай. Ай нұры төгіліп тұр.
Вопрос №8 Сапалық сын есімді тап.
Ответы:
- A) ақылды студент
- B) қызыл көйлек
- C) таулы жер
- D) қысқы сессия
- E) сулы құм
Вопрос №9 Ілік септігінде тұрған зат есімді табыңыз.
Ответы:
- A) Маңайда.
- B) Клубтан.
- C) Көркемөнер.
- D) Мектептің.
- E) Сөзге.
Вопрос №10 Сын есімнен шыққан үстеулер қатарын белгілеңіз
Ответы:
- A) қайта, жүрелей, жорта
- B) босқа, жаңадан, ескіше
- C) бірден, бірте-біртен, екі-екіден
- D) осылай, меніңше, өзінше
- E) күндіз, жатқа, шалқасынан
Вопрос №11 Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз.
Ответы:
- A) Кейде ұзақ жырлар жырланып, кейде ел ішінің әңгімелері айтылады, ауыл адамдары бұларды қызыға тыңдайды.
- B) Жел үрлеген сайын, сапырылысып түскен сары жапырақтар жер бетін түгел жапты.
- C) Жалғасы қызық болды, олар таңға көз ілмеді.
- D) Дәркембай, Абылғазы, Қаңбақ, Тоқсан, Жұмыр да осында.
- E) Үсен пышақтың сыртымен тасқа қатты ұрып еді, мақта тұтанды.
Вопрос №12 Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.
Ответы:
- A) Маған айтты.
- B) Аяқ-табақ.
- C) Айнашпен сөйлесті.
- D) Жақсы жаман.
- E) Үйдің іші.
Вопрос №13 Күшейткіш үстеуі бар сөйлемді табыңыз.
Ответы:
- A) Шарасыздан айтқанға келісті.
- B) Жаздыгүнгідей емес, ауыл үйлері біріне-бірі әдейі жақын қонған.
- C) Аққасқа көлденең келіп, Көксеректі құлақ шекеден ала түсті.
- D) Аққасқаны Қасен мен Бейсенбай зорға айырып алды.
- E) Ауыл реңі мүлдем жүдеу еді.
Вопрос №14 Есім тіркесті табыңыз
Ответы:
- A) Оңға жуық
- B) Он шақты
- C) Үйге дейін
- D) Үлкен үй
- E) Жүзге тарта
Вопрос №15 Еліктеуіш сөзі бар сөйлемді табыңыз
Ответы:
- A) Асқар- инженер
- B) Қол беті жарқырап жатыр
- C) Найзағай жарқ-жұрқ етті
- D) Жарқыра, жайна, туған ел
- E) Алыстан жарық көрінді
Вопрос №16 Лепті сөйлемді көрсет.
Ответы:
- A) Шіркін, Ақмоншақ! Көркі ғой біздің ауылдың!
- B) Ертең табиғатты тамашалауға барайық!
- C) Сабаққа кешікпе!
- D) Үй жұмысын орындаңыз!
- E) Самат, мені үйге дейін шығарып сал!
Вопрос №17 Құрмалас сөйлемдерден қарсылықты салалас түрін табыңыз.
Ответы:
- A) Таңат біресе сұрланды, біресе бозарды.
- B) Үлкендер төрде отыр, жастар босағада.
- C) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
- D) Жазира осы жұмысқа орналасты, себебі мамандығына сәйкес еді.
- E) Өлең жазуға ыңғайландым, бірақ шабытым келмеді.
Вопрос №18 Сөз түрлендіруші жұрнағы бар сөзді табыңыз.
Ответы:
- A) Қызғылт.
- B) Көрме.
- C) Үрле.
- D) Күлкілі.
- E) Бағала.
Вопрос №19 Табыс септікте тұрған есімдікті көрсетіңіз
Ответы:
- A) өзіме бер
- B) олардан ал
- C) ешкім келген жоқ
- D) бұнымен бірге
- E) мынаны апар
Вопрос №20 Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді анықтаңыз:
Ответы:
- A) Қазақстандағы ірі өзендер: мыналар Ертіс, Жайық, Сырдария.
- B) Қазақстандағы ірі өзендер мыналар - Ертіс, Жайық, Сырдария.
- C) Қазақстандағы ірі өзендер мыналар: Ертіс, Жайық, Сырдария.
- D) Қазақстандағы ірі өзендер мыналар; Ертіс, Жайық, Сырдария.
- E) Қазақстандағы ірі өзендер мыналар, Ертіс, Жайық, Сырдария.